- Негізгі бет
- Қазақстаным
- «Шипагерлік баяндағы» тәлім...
«Шипагерлік баяндағы» тәлім
Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» еңбегі 1470 жылдан бастап Жәнібек ханның тапсыруымен жазылған қазақ халқының үлкен медициналық еңбегі. Еңбекте жүрек, ми, сөл (адам организмінен бөлінетін) т.б. мүшелердің адам организмінде алатын рөлі, күйік, үсікті емдеу, тамыр ұстау сияқты өзекті мәселелер айтылған. Кітапта шешек ауруына қарсы вакцина егуді ағылшын ғалымы Э.Женнерден (1796) 320 жыл бұрын жазғандығын атап айту қажет. Аталған кітаптағы тілдік, тәрбиелік дүниелердің алатын мәні мен маңызы ерекше. Бүгін «Шипагерлік баян» кітабындағы қазақ ырым-тыйымдарына қатысты дүниелерді оқырмандармен бөлісуді жөн көрдік.
- Қай-қашан да қонаққа тиіспеу. Қонақ дидар-ғайып дегендей, қай мезгілде үйге қонақ келсе қарсы алып, күтіп алу мағынасында айтылған.
- Қай-қашан да көршіге тиіспеу. Қазақ көршісін ренжітпеген, көршілермен тату-тәтті болуды дәріптеген.
- Қай-қашан да елшіге тиіспеу. Cонау жаугершілік заманнан бері екі жақ елшіге тиіспеу туралы келісім жасасқан. Қай-қай елшіге де тиісуге болмайды.
- Өзіңді зор, басқаны қор деме. Көппен көрерсің, еліңнен айырылма, өзіңді мықтымын деп өзгені қор санауға болмайды.
- Кебенек іші мың арып, мың семірмек. Жаныңды алса да, сырыңнан айырылма. Адамдар өмірде бірде азап шексе, бірде рахат көреді, құпияны сақтай білу, өзіне опасыздық жасамау керек.
- Жаман деп қатыныңнан, көшемін деп алып қойған отыныңнан айырылма. Өз туыс, ағайындарыңнан безбе, өзіңе-өзің мықты бол.
- Пенде қадір санаты бес қаруды тастама. Шыбын жаның шыққанша намысыңнан айырылма, жаман жолдасың болса, жаныңда қанжарың болсын, өлімнен ұят күшті, кезі келгенде намысты қорғай білу керек.
Дайындған: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: mail.ru
M. Auelkhan