Шетелдік блогерлер түсірген Қазақстан туралы 5 видео

Қазақстан туралы шетелдіктердің пікірі мен әсері әрдайым қызық. Бірінің жергілікті табиғатқа тамсанып қайтқаны біреуге саяхаттауға шабыт сыйласа, бірінің сыны қала басшыларының қаперіне алатын көмек болмақ. Назарыңызға шетелдік блогерлердің Қазақстан туралы видеоларын ұсынамыз.

#FollowMeTo

#FollowMeTo атты танымал жобаның авторлары Мұрат және Натали Осман Қазақстанда болып, тартымды видео жасады. Видео режиссері – Айсұлтан Сейітов. Видеода Үстірт, Қайыңды көлі, Шарын шатқалы, "Нұр-Әлем" павильоны, "Астана Опера" театрында түсірілген.

Divert Living

Американ Джимми мен тай қызы Та 2017 жылдан бастап саяхаттап, видеоблог жүргізеді. Олар биыл Қатон-Қарағай ұлттық паркінде болып қайтты.

varlamov

Ресейлік блогер, урбанист Илья Варламов әлем қалаларын аралап, оларға баға береді, сынайды, ұнағанын айтады. Ол 2019 жылдың басында Нұр-Сұлтан (ол кезде Астана) қаласында болып, қаланың құрылымын, сәулетін сынға алды.

"Астана қаласы өз қатесін мойындап, оны түзеуі тиіс. Үлкен бульварлар, саябақтар, бос жағалаулар, алаңқайларды қамту үлкен шығынға ұшыратады. Олар ешкімге керек емес және ол жерде салық төлейтін, қоршаған ортаға пайда әкелетін ештеңе жоқ", - дейді ол.

24 наурызда Варламов Нұр-Сұлтан туралы тағы бір видео жариялады. Ал оған дейін урбанист Алматыны да сынға алған еді.

Haley Dasovich

Хейли өзінің Калифорниядағы өмірін Youtube арнасына жариялап отырады. Мұнда ол Қазақстанға сапары туралы 3 видео жариялады.

Flying The Nest

Стивен мен Джесс Аустралиядағы ең танымал саяхатшы-блогерлер. Олардың айтуынша, блог арқылы адамдарды саяхаттауға, армандауға, шабыт алып, жаңа нәрсені білуге шақырады. Олар "Алтын Емел" ұлттық паркінде, Жаркент, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында болып қайтқан.