Шерқала – Маңғыстау облылысының төсінде орналасқан тау түзілісі. Сырттай қараған адам оны әр нәрсеге ұқсатып жүр. Кейбіреулер төңкерулі кесеге ұқсатса, енді біреулер таудан кәдімгі киіз үйдің бейнесін көреді.
Шерқала – Қаратаудың орталық және батыс жоталарының ортасында орналасқан тау түзілісі. Әйгілі Жібек жолының қызып жатқан кезінде талайларға көлеңке, пана болған деседі. Кейбір аңыздар бойынша, бұрынырақта Шерқаланың төбесінде кішкене қалашық болған. Халық сол жерде өмір сүріп, дұшпандардың шабуылынан қорғанған екен.
"Шерқала таудың бөркі еді,
Айрақты таудың көркі еді," -
деп жырға қосқан.
Ал, қазіргі кезде Шерқала көптеген туристердің сүйікті орнына айналып үлгерді. Қысқасы, келе жатқан демалыстарда саяхаттаудың реті келсе, міндетті түрде Маңғыстау төсіндегі осы тарихи ескерткішті көріп, сергіп қайтуға кеңес береміз.