- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Серік Ахметов билікке...
Серік Ахметов билікке қалай келді?
Серік Нығметұлы Ахметов 1958 жылы 25 маусымда Қарағанды облысы, Теміртау қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын 1975 жылы Қарағанды металлургия комбинатында металл жонушының көмекшісі қызметінен бастаған. Сосын Қарметкомбинатта металл жонушы болып еңбек етеді.
• 1976-1978 жылдары әскерге шақырылып, Отан алдындағы борышын өтеп келеді.
• 1985 жылы Қарағанды металлургиялық комбинат жанындағы жоғары техникалық оқу орнын тәмамдап, металлург инженері атанады.
• 1983-1990 жылдары партиялық және комсомолдық ұйымдарда қызмет етіп, Қазақстандағы Жастардың Лениндік коммунистік ұйымының Қарағанды бөлімшесінің хатшысы қызметіне дейін көтеріледі.
• 1993 жылы Орыс Басқару Академиясында аспирантураны аяқтап, экономика ғылымдарының докторы дәрежесіне ие болады.
• Кәсіпкерлікпен айналысып, «Кең дала» ортаазиялық тауар биржасының президенті лауазымында отырады.
• 1998-2001 жылдары – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аймақтық ұйымдастыру жұмысы бөлімінің инспекторы.
• 2001-2003 жылдары – Теміртау қаласының әкімі.
• 2003-2004 жылдары – Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары.
• 2004-2005 жылдары – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің кадрлар саясаты мен мемлекеттік бақылау және аймақтық ұйымдастыру жұмысы бөлімі инспекциясының төрағасы.
• 2005-2006 жылдары – Қазақстандағы «Атамекен» жұмыс берушілер мен кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестігінің төрағасы.
• 2006 жылдың қыркүйегі мен 2009 жылдың қараша айы аралығы – Қазақстан Республикасының транспорт және коммуникация министрі.
• 2009 жылдың 3 наурызы күні Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалады.
• 2009 жылдың 19 тамызында "Қазақстан Инжиниринг" директорлар кеңесінің төрағасы қызметіне ауысады.
• 2009 жылдың қараша айында Қарағанды облысының әкімі қызметіне өтеді.
• 2012 жылдың 20 қаңтарында Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалады.
• 2012 жылдың 24 қыркүйегі мен 2014 жылдың 2 сәуір аралығы – Қазақстан Республикасының премьер-министрі.
• 2014 жылдың 3 сәуірі мен 22 қазан аралығы – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі.
• 2014 жылдың 19 қарашасында Қарағанды облысы, Қазыбек би ауданының соты Ахметовке қарсы іс қозғап, біреудің қаржысын межеден тыс жұмсаған немесе меншіктеген деген айып тақты. Қазір үй қамауына алынған.
Ж. Өрісбай