Семейлік жас жұбайлардың сезімдерін бекіту үшін баратын жаңа мекені пайда болды, деп хабарлайды Tengrinews.
Көптеген жас жұбайлар неке қиғаннан кейін Полковничий аралына апаратын көпірге келеді екен. Осы жерде туған-туыстарының ортасында жас жұбайлар армандарын іштей ойлап, аттары жазылған құлыпты көпірге байлап, кілтін өзенге лақтырып жібереді екен.
«Көпірдің өзі романтикалық орындар қатарына жатады ғой. Сонымен қатар өткел екі жағаны байланыстырып тұр. Құлып – бұл кілтпен мықтап жабылған біздің махаббатымыз. Сонымен қатар, бұл жердің ауасы да таза, табиғаты әдемі», - деп жас жұбайлар өз әсерлерімен бөлісті.
Әзірге көпірден тек он шақты құлыптарды көруге болады, бірақ жыл соңына дейін жүзге жететіні сөзсіз дейді тұрғындар.
Жалпы бұл дәстүр 1992 жылы Италияда Федерико Моччaның "Три метра над небом" (Federico Moccia " Tre metri sopra il сielo") романы шыққаннан кейін пайда болған екен. Римде махаббат құлыптарының ауырлығынан Тибр өзені арқылы өтетін көпірдің фонарь бағанасы құлап қалған екен.
«Махаббат көпірі» немесе махаббат құлпын құлыптау әлемнің түкпір-түкпірінде дәстүрге айналып үлгерген.
Дайындаған: Анар Мұстафина
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!