- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Сәуір болмай, тәуір...
Сәуір болмай, тәуір болмайды
Көктемнің екінші айы басталса да, күн әлі күле қарап тұрған жоқ. Наурыз айының біраз күні шуақты болып, бізді азырақ "алдап" қойғаны рас. Әйткенмен, сәуір айы өзімен суығын қоса алып келді. Наурыздың соңына қарай еліміздің көптеген аймақтары суыта бастады. Синоптиктердің айтуынша, бұл ызғар көпке созылмайды. Сәуірдің салқыны тек аз ғана күнге дейін сақталып, айдың ортасынан бастап, Қазақстанның басқа да аймақтары жылына бастайды. Ал оңтүстік өңірлерде ыстық ауа-райы белең алмақ.
Алматыда бүгін ауа-райы күндіз +8 градусқа дейін көтерілген, ауа температурасы түнге қарай –4 градусқа дейін төмендеп, қатты жел тұруы мүмкін. 3 сәуір күні температура көтеріліп, +10, +13 градусқа дейін жетсе, 4 сәуір күні Алматы қаласындағы ауа температурасы +18, +20 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде.
"Сәуір болмай, тәуір болмайды" деп қазақ текке айтпаса керек. Халықты қажытып жіберген суық сәуірдің басында ғана салтанат құрмақ.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: shunk.ru
А. Әбілхан