Қазақстандықтар жарнамалық баннердегі грамматикалық қателіктер үшін айыппұл төлейтін болады. Бұл туралы 24.кз арнасы хабарлады.
Үстіміздегі сәуір айының аяғында онамастика туралы заңға түзетулер мен толықтырулар енгізіледі. Ал әзірге тілдерді дамыту басқармасы күнделікті рейдтер өткізіп, сауда орындарының иелеріне жарнамалық плакаттардағы қате жазылған сөздердің қалай дұрыс жазылатынын түсіндіріп жатыр. Дегенмен өкілдердің ескертулері әзірге ескерусіз қалып жатыр екен. Алайда жақын арада сауатсыз жазылған сөздер үшін айыппұл төлеуге тура келеді.
Осы орайда Солтүстік Қазақстан облысының тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Жамантаев: "Біз күніне шамамен 5-6 дұрыс емес жазылған 5-6 баннер тауып жатырмыз. Заң бұзушылықтар негізінен мемлекеттік және орыс тілдерінің орналасуы бойынша орын алған. Сонымен қатар, кейбір баннерлерде мемлекеттік тілдегі ақпарат жоқ", - деп сұхбат берді.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: altynorda.kazjur.kz