Сәлем, қимыл, сезім әдептері

Сәлем, қимыл, сезім әдептері

Қазақтық ғұрыпта және оның тәжірибе салтында өмір мен тұрмыста, іс пен қозғалыста қалыптасқан әдеп пен әдет ережелері бар.

Сәлемдесу әдептері: ауызша сәлемдесу, қол алысу, қос қолдап амандасу, төс түйістіру, құшақтасу, сүйісу, (әйелдер), беттен сүю (баланы), бармақ басымен сәлемдесу, бас ию, төсіне қолын қойып сәлемдесу, тізе бүгіп сәлем жасау (әйел), иіліп сәлем жасау (әйел), бас киімін алып сәлемдесу (шәкірт), аттан, көліктен түсіп сәлемдесу.

Жақсы көру, сағыну әдеттері: бетінен, маңдайынан, қолынан сүю, көзінен және шашынан сүю, құшағына алу, көтеріп алу (баланы), арқаға қағу, басынан сипау, мойнынан иіскеу, сәбиді құйрығынан қағу, басқан ізін сүю, киімінен иіскеу, құшақтасы, сүйісу (ғашықтар).

Жек көру нышандары: теріс айналу, сәлемдеспеу, қабақ түю, қол сілтеу, рай бермеу, шығып кету, сөйлеспеу.

Отыру салты мен әдептері: малдас құру, (молдасоқын), жүгіну, шарт жүгіну, жүрелеп отыру, бір жамбастап отыру, көсіліп отыу, тізе бүгіп отыру, (қос тізерлеп отыру), бір тізерлеп отыру, тізені көтеріп отыру, аяғын айқастырып отыру, көсіліп отыру, аяғын тізесіне қойып отыру, аяғын астына басып отыру, шалқайып отыру, еңкейіп отыру, сүйеніп отыру, қолымен жер тіреп отыру, бір қырынан отыру, қарсы отыру, арқа беріп отыру, иықтасып отыру, тізелес отыру, қисайып отыру, құйрығымен отыру.

Жату әдептері: жамбастап жату, шалқадан жату, етпеттеп жату, қырынан жату, екі бүктеліп жату, аяғын созып жату, аяғын жинап жату, аяғын айқастырып жату, құшақтап жату (баланы), құшақтасып жату (екі адам), білегін жастанып жату, теріс қарап жату, оң қарап жату, шынтақтап жату.

«Жеті қазына» кітабынан

Оқи отырыңыз: 

Төрт түлікті түгендесек

Сары майдың емдік қасиеті

Қазақтың қандай салт-дәстүрлері қазір өз күшінде?

Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ұлттық тағамдары

Сурет:library.karazhal.kz

Н. Нұрмаханұлы