Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әдетте қандай ақпарат көздерін пайдаланатынын, соның ішінде қай басылымдарды үзбей оқып тұратынын айтты.
Сұхбат барысында тілші Президенттен күнделікті қандай ақпарат көздерін оқитынын сұрады.
"Мерзімді баспасөзді үзбей қараймын. Бұл - менің бұрыннан қалыптасқан дағдым. "Егемен Қазақстан", "Айқын", "Астана ақшамы" газеттерін оқимын. "Ана тілі", "Қазақ әдебиеті", "Жас қазақ", "Түркістан" газеттерін де міндетті түрде оқып тұрамын. Жалпы, мен - көп оқитын адаммын. Жақсы мақала немесе сұхбат көрсем, астын сызып оқуға тырысамын. Өзекті мәселе байқасам, оған қатысты нақты тапсырма беремін. Әлеуметтік желідегі өткір жазбаларды да үнемі шолып отырамын. Ал теледидардан жаңалықтар мен сараптамалық бағдарламаларды көремін", - деді жауап берді Тоқаев.