- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Президент "Жаңа Қазақстанның"...
Президент "Жаңа Қазақстанның" мағынасын түсіндірді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Жаңа Қазақстан деген не?" деген сұраққа жауап берді.
"Біздің азаматтарымыз "Жаңа Қазақстан деген не?" деп жиі сұрайды. Бұл сұраққа қысқаша жауап беруге болады. Жаңа Қазақстан – шын мәнінде әділ Қазақстан. Мойындауымыз керек, біздің азаматтарда әлеуметтік әділеттілік жоқ. Қарапайым халық жиі назардан тыс қалып жатыр", - деді Тоқаев "Аманат" партиясының кезектен тыс съезінде.
Президенттің айтуынша, кейде мемлекеттік аппараттың өкілдері ашық әділетсіздіктің көзі.
"Осылайша, азаматтардың билік институттарына деген тұрақты сенімсіздігі бар. Сондықтан "Аманат" партиясының алдында күрделі міндет тұр – бұл осы келеңсіз жағдайды түзету. Халық өкілімен жұмыс істеудің алдыңғы қатарында, нәтижелі болуыңыз керек", - деді Мемлекет басшысы.
Еске салайық, Нұр-Сұлтанда Президенттің төрағалығымен "Аманат" партиясының кезектен тыс съезі онлайн режимде, барлық облыстардан делегаттар қатысуымен өтті.
Шара барысында Мемлекет басшысы "Аманат" партиясының төрағасы ретіндегі өкілеттігін тоқтатып, партиядан шығу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.
Т. Раушанұлы