- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Президент: "Азық...
Президент: "Азық -түлік бағасын реттеудің уақыты келді"
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік бағасы мәселесіне тоқталды.
"Қазақстанның орасан зор аграрлық әлеуеті туралы көп айтылды. Бірақ агроөнеркәсіптік кешенде көптеген проблемалар жинақталды. Біріншіден, бұл азық-түлік тауарларының бағасы мен таралуы тиімсіз. Бұған дейін көтерме сауда орталықтарының желісін құрудың маңыздылығы туралы айтқан болатынмын. Бұл тапсырма орындалып жатыр. Шағын ауылшаруашылық тауар өндірушілерге, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықтарға қол жеткізуді қамтамасыз ету маңызды. Бұл нарықты монополиялауға болмайды", - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы, сонымен қатар азыө-түлік бағасын реттеу керек екенін баса айтты.
"Қазір бұл жұмысқа бірнеше бөлім жауапты. Бұл істі ретке келтіретін уақыт жетті. Үкімет бұл мәселе бойынша бір ай ішінде шешім қабылдауы керек", - деді Мемлекет басшысы.
Т. Раушанұлы