- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Полиция көліктерінің нөмірлік...
Полиция көліктерінің нөмірлік белгісі ақ түсті болады
Қазақстанның ішкі істер органдарының көліктеріндегі нөмірлік белгілер ақ түске енетін болды. Бұл туралы Auto.Lafa.kz хабарлады.
Порталдың айтуынша, бұрынғы көгілдір түсті фон елдің туымен астасып, көрсетпей тастайды. Осы себепті нөмірлік белгінің фонын ақ түске, сандар мен белгінің жиегін көк түске бояу шешілген. Ал "KP" әріптері өзгеріссіз қалды.
Дипломаттардың нөмірлік белгілері бұрынғыша қызыл түсті болады. Бірақ белгінің оң жағында нөмірдің жарамдылық мерзімін айқындайтын стикер пайда болды. Аталған стикерді сыртқы істер министрлігі периодты түрде беріп отырады.
Бұрынғы сары түсті нөмірлер де өзгеріске ұшырады. Енді "Н" белгісін тек шет елдік заңды тұлғалар ғана орналастыра алады. Азаматтық алмаған өзге елдердің автомобилистеріне "F" белгісі бар нөмірлер беріледі. "М" белгісі мен ту салынған мемнөмірлер Қазақстандағы шет елдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне беріледі. "НС" әрпімен белгіленген сары түсті нөмірлер СІМ-де аккредитациядан өткен құрметті шет елдік консулдарға тиесілі болады. Аталған сары түсті, қызыл түсті нөмірлердің барлығында жарамдылық мерзімін айқындайтын стикер орналасатындығын қайталап айта кетелік.
Көліктерге жаңа мемлекеттік тіркеу нөмірі Қазақстан Республикасы ІІМ №400 бұйрығы бойынша, 2012 жылдың 16 шілдесінде бекітілді. Бұрынғы үлгідегі нөмірмен жүрген жүргізушілерге көлік нөмірін ауыстыру міндеттелмейтіндігін, бұл процесс сатылы түрде жүретіндігін естеріңізге сала кетелік.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: auto.lafa.kz