Отбасы күніне арналады

Отбасы күніне арналады

"Отан отбасынан басталады" деп жатамыз. Жанұяның береке-бірлігі әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. Өйткені, ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің. Отбасы – ол да бір шағын ғана мемлекет. Отбасы тіршілігінің ежелден қалыптасқан заңы бойынша, оны отағасы, ол болмаса, отанасы, одан қалса, үлкен аға не әпке басқарады, олардың сөзін, ұйғарымын өзгелерді жерде қалдырмайды.

Ертең – Қазақстанда   отбасы   күні

Мереке болған соң, міндетті түрде тарту етілетін сыйлықтар да болады. Сіздің де  дәл осы күні жарыңызға, ата-анаңызға, перзентіңізге, бауырларыңызға сыйлық жасап, қуаныш сыйлау мүмкіндігіңіз бар.

Отағасына кеңес:

Мереке күні өмірлік серігіңізге гүл шоқтарын тарту етуді ұмтытпаңыз. Жарыңызды дүкенге ертіп барып, қалағанын сатып алып берсеңіз де, артық етпейді. Ал, отбасының өзге мүшелеріне театрға немесе киноға билет алып, әсерлі кеш сыйлаңыз.

Отанасына кеңес:

Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір-шапағаты – әйел. Сондықтан, отбасы ұйытқысы өзіңіз болғандықтан, тосын сый ретінде барлық отбасы мүшелерін жинап, мерекелік дастархан жасап, қызықты кеш ұйымдастырыңыз.

Егер сіздің атаңыз не әжеңіз болса, оларға ескі суреттері жинақталып салынған фотоальбом сыйлаңыз. Көне көзді адамдар ескі суреттерге қарап, өткенді еске алғанды ұнатады. Немесе  ол кісілердің заманынан көрініс беретін ескі әндер жазылған үнтаспа сыйлаңыз.


Отбасыңыздың барлық мүшелері түскен әдемі суретті үлкен рамаға салып сыйласаңыз, барлығы да дән риза болмақ. Және жанұяңыздың мүшелерінің суреті бейнеленген шыныаяқтар немесе тарелкалар ұсынуға да болады.

Ең бастысы мереке күні бір-біріңізге әдемі де әсерлі сөздер арнап, ерекше сыйластық көресете біліңіздер!

Тек қана бүгін емес, жылдың әрбір минутында, әрбір сағатында, жанұяңызды ыстық ықыласыңыз бен шексіз махаббатыңызға бөлей жүріңіз!

Естеріңізге сал кетелік, бұған дейін ҚР Президенті Жарлығымен бұл мереке қыркүйек айының екінші жексенбісі күні тойланатын болғандығын айтқан болатынбыз. Оның мақсаты – жанұялық құндылықтарды нығайту.

Суреттер : alau.kz, informi.ru, mail.ru

Е. Қайрахан