- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Осы аптада Алматыда...
Осы аптада Алматыда қар жаумайды
5-9 қараша күндері Алматы қаласында ауа-райы қандай болмақ?
Гидрометеорологиялық орталық мониторингі Оңтүстік астанада 5-9 қараша күндері қандай ауа-райы болатындығын ұсынып отыр. Мамандардың болжауынша, осы апта Алматыға қар түспейді.
Ауа-райын болжаушылардың айтуынша, бүгін Алматыда жеңіл жел тұрып, өткінші жауын жауады деп күтілуде. Температура күндіз 8 - 10 жылы.
6 қараша: Жеңіл жел тұрып, өткінші жауын жауады. Температура түнде 0 - 5, күндіз 8 - 13 жылы
7 қараша: Жеңіл жел тұрып, өткінші жауын жауады. Температура түнде 2 аяз - 3 жылы , күндіз 5 - 10 жылы
8 қараша: Жеңіл жел тұрып, өткінші жауын жауады. Температура түнде 2 аяз - 3 жылы, күндіз 8 - 13 жылы.
9 қараша: Жеңіл жел тұрып, өткінші жауын жауады. Температура түнде 0 - 5 жылы, күндіз 8 - 13 жылы.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: mssunny.yvision.kz
А. Әбілхан