- Негізгі бет
- Қазақстаным
- "ОрыStar" жобасының қатысушылары...
"ОрыStar" жобасының қатысушылары Instagram арқылы қазақ тілін үйретіп жүр
ОрыStar жобасының қатысушылары қазақстандықтарды Instagram арқылы қазақ тілін үйренуге шақырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қостанайлық Сергей Закора, қарағандылық Семен Махов пен павлодарлық Евгений Шворнев бір ай бұрын Instagram әлеуметтік желісінен аккаунт ашып, онда қазақша сөздер пайдаланылған қысқаша танымдық роликтерді сала бастады.
"Instagram форматына сай 15 секундтық бейнероликтерді ғана жүктеуге болады, сондықтан роликке пайдалы және күлкілі кадрларды кіргізуді жөн көрдік. Біздің негізгі аудиториямыз - қазақ тілін жаңадан үйренушілер. Қысқа роликтер арқылы ең маңызды нәрселерді үйретеміз. Біз басында Instagram арқылы сынақ нұсқасын жасап көргенбіз. Жазылушылардың көптігін көргенде, көпжанрлы кеңейтілген ТВ-жоба етіп жасаймыз деген ойға келдік", - деді Сергей Закора.
Сергей мен Семен КИМЭП жоғары оқу орнын оқыған, студент кездерінде Еркебұлан Мырзабектің КВН командасында ойнап жүріп, қазақ тілін үйренген. Сергейдің айтуынша, жобаның үшінші қатысушысы Евгений қазақ тілін өздері дайындаған бейнеролик арқылы жазылушыларен бірге үйреніп жүр. Айта кетейік, аккаунтқа жазылушылар саны бір айда 13 мыңға жетті.
Алғашқы роликте жоба авторлары жаылушылаына қазақ тіліндегі ең қиын "қанағаттандырылмағандықтарыңыздан" деген сөзді үйретті.
Шоу қатысушыларының айтуынша, аккаунтта бар-жоғы 8 ролик бар. "Түрлі бейнероликтер жасау ойымызда бар. Дегенмен, біз сапалы бейнероликтер ғана түсіргіміз келеді", - дейді Сергей.
сурет: tengrinews.kz
Е. Қайрахан