«Өрмекші адам» деген атпен танымал болған француз Ален Робер Алматы қаласындағы ең биік ғимараттардың бірі саналатын «Esentai Tower»-ге өрмелеп шықты. Ол 38 қабатты ғимараттың биігін 1 сағатта бағындырды.
Ален Робер ғимаратқа қауіпсіздік белдіктерін тағынып шықты. Себебі, бүгін Алматы қаласындағы ауа райы құбылмалы болып, желдің күші жоғары болды. Осыған дейін ол әлемнің ең биік ғимараттарын қауіпсіздік белдіктерінсіз-ақ бағындырып келген еді.
Гиннестің рекордтар кітабына енген французға алматылықтар үлкен қолдау білдірді. Жиналған жұрттың қарасы көп болды.
Осыған дейін Ален Робер әлемнің 70-тен астам ең биік ғимаратына шыққан. Олардың арасында Нью-Йорктегі Эмпайр Стэйт Билдинг, Сиднейдегі Опера театры, IBM бас ғимараты және Куала-Лумпурдегі «Егіз Мұнара», және т.б. ғимараттар бар.