"Орман ертегісі" еуразиялық этно-мәдени паркі БАҚ қызметкерлеріне экскурсия өткізді

Маусым айының 21-і күні «Сарымсақ ұйымы» БАҚ қызметкерлеріне арнап «Орман ертегісі» деп аталатын еуразиялық этно-мәдени паркінде естен кетпес экскурсия сапарын ұйымдастырды. Экскурсияда Отанымыздың бетке ұстар сайт журналистері, блогерлер, IT мамандары секілді қоғам белсенділері табиғат аясында бас қосып, этно-мәдени парктің көздің жауын  алатын әсем көркіне қанық болды. 

«Орман ертегісі» деп аталатын еуразиялық этно-мәдени паркі –  аумағы бес жарым гектар жерді алып жатқан, көп қызметті, табиғи шипажай. Курорт орны Ой-Қарағай тау шатқалында, биіктігі теңіз деңгейінен 1650 метр жоғары болатын табиғи ордада қанатын жайған. Ол - Алматы қаласынан небәрі 40 минуттық жол.

Ұйымдастырушылар бізге барлық жағдайды қарастырып, көңіл-күйімізді аспанға бір шарықтатты. Қатысушылар 4 топқа бөлінді. Әр топ алдына қойылған тапсырмаларды кезектесе орындады. Жарыс аяқталғаннан кейін үздік деп танылған команда белсенділері арнайы сертификатпен марапатталды.

Ал енді "Орман ертегісі" еуразиялық этно-мәдени паркі туралы қысқаша мәлімет ұсынамыз.

Мекендеу:

Көлемі 10 адам сыятын, жабдықталған қос деңгейлі 4 VIP-шале; Екі адамдық люкс, жартылай люкс, стандарт люкс коттедж қалашығы;

Қос деңгейлі VIP шалелер табиғаттың әсем көркімен үйлесе отырып, таудың биік бөктерінде орналасқан. Сіздер керемет демалыс науқанын өткізу үшін үйде 5 жатын бөлмесі, алауошақ залы, жабдықталған ас, демалыс бөлмелері, сауна, тауға қараған тамаша террасса бар. Алып сарай еуропалық үлгідегі бай интерьерлік құралдармен жасалып, ерекше талғаммен істелген. Барлық құрылыс материалы экологиялық таза заттардан соғылған.

Тамақтану:

«Ақ ауыл» киіз үй мейрамханалары; 70 адамға арналған грузиялық «Чашнагири» мейрамханасы; 100 адамдық кофехана (кішкентай балақайларға да ас ішетін орын қарастырылған).

Қазіргі таңда  Гиннесс рекордтар кітабына кірген ең үлкен киіз үй буряттарға тиесілі. Ұлан-Уде қаласында тігілген баспананың диаметрі 16 метр және ауданы 200 шаршы метр. Мұны «Орман ертегісі» шипажайы жоққа шығармақшы. Себебі олар көлемі 320 шаршы метр болатын 180 адамға шамаланған ірі киіз үй салды. Енді киіз үйді тек Гиннесс рекордтар кітабына тіркеу ғана қалып отыр. Парк басшыларының айтуынша, шипажайдан ұлттық дәстүрдің жұпар иісі аңқып, қазағымыздың қонақжайлылығы бірден көрінуі тиіс.

Жазғы аттракцион

Тауға өрмелеу


Виа-феррата (спортшылар үшін нағыз тартыс алаңы); Қиындығы бойынша әр деңгейлі 13 бағыт; Бүлдіршіндерге арналған толық қауіпсіздендірілген 2 бағыт;

Арқан жіппен тартылған «Орман ертегісі» аттракционы

7 бағытты нұсқайтын әртүрлі деңгейлі ересектер жолы; Бүлдіршіндер бағыты (3-6, 7-11, 12-ден жоғары жас);

«Ой-Қарағай» супер-троллейі Пейнтбол Рафтинг

Қысқы аттракцион:

Баллонмен сырғанау (Snowtubing); Тау шаңғылық жоларна; Мұз айдыны:

Балалар мен ересектерге арналған тау шаңғы

Шаңғы; Сноуборд; Жалға алу құрал-жабдықтары;

Атқа міну орталығы

Жылқыға отыру сабақтары; Жергілікті орында жылқымен серуендеу; Ат күймесімен серуендеу;

Арнайы тур жасау ұсыныстары

Жаяу серуендеу (треккинг); Экскурсиялық бағдарламалар;

Корпоративтік іс-шаралар

Конференция; Ұжымдылықты жақсарту шарасы; Демалыс турлары; Белсенді тынығу;

Байқасаңыздар, бағалары қолжетімді, әрі барлық жағдай шетелдік талаптарға сай жасалған. Ендеше, өзге елдің қазынасын қалыңдатып, демалыс күндерін шет елде өткізгенше, мемлекетіміздің отандық туризм ордаларына келіп демалғаныңыз дұрыс болар...

Оқи отырыңыз:

"Табағанда" таң қалмаңыз!

Жазғы сауықтыру лагері – Алма Тау

Алматыдағы "Ақ Ерке" жазғы демалыс лагері шақырады

2014 жылы Қазақстанның қай аймақтарына саяхаттауға болады?

Алматыда жарнама алпауыттары мен қазақ тілді БАҚ өкілдерінің кездесуі өтті

 

Арнайы Massaget.kz үшін: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет: Massaget.kz