Оралдың бір тұрғыны бақшасында аса зор қызанақ өсіріп шығарған. Және 1 келі 150 грамм болатын томатты жүйектен алып шығыпты. Бұл туралы КазТАГ хабарлап отыр.
Айтылып отырған әлгі қызанақ шамамен алғанда қарбыздың көлеміндей болады. "Ең алғаш үлкен көкөніс көрдім және таразыға салып өлшеп көргім келді. Сөйтсем, салмағы деген келіден асып тұр. Таңғалдым"-деп оралдық мұнайшы Марат Жолымбаев ағынан жарылған.
Тіршілік нәпахасын ауыр жұмыс істеп тауып жүрген осы бір азаматтың сөзіне сенсек, ерте көктемде сепкен тұқымның ешқандай артықшылығы болмаған. Қара жер де анау айтқандай құнарлы деп те айта алмайды бақша иесі.
Енді жеп қоймай тұрғанда бір көруге асығыңыз. Себебі, қызанақ көп күттіргенді ұнатпайды.
Сурет:komi.kp.ru
Дайындаған: Фараби Бақыт