Сағат түскі шамамен 12.00-де Құрманғазы көшесіндегі бес қабатты үйдің үшінші қабатында үй өртенген. Көшеде кетіп бара жатқан Елдар Қуанғалиев пен оның досы Менжан Есепов өрт кезінде үйде жалғыз қалып қойған бүлдіршінді далаға алып шығып, өмірін сақтап қалды. Бұл туралы "Мой город" басылым хабарлады.
«Біз жоғарыға көтерілгенде көршілер үйдің есігін қағып тұр екен. Сосын біз көршілерден балға мен балта сұрап алып, есікті сындырып кірдік. Пәтерге кіргенімізде 3-4 жасар баланың еденде жатқанын көрдік» дейді Елдар. Бала ауруханаға жеткізілген.
Өрт кезінде пәтердің иесі үйде болмаған екен. Ол өзінің інісін үйде жалғыз қалдырып, коммуналды төлем жасауға шығып кеткенін айтады.
"Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ аға инженері Айымжан Лұқпанованың айтуынша, 10 шаршы метр аумақты өрт шалған. От пәтерлердің бірінің балконында шыққан. Әзірге өрттің неден шыққаны анықталу үстінде.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: nur.kz