Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Оқушылар сарайында "Жер сілкіну туралы негізгі түсініктер. Оқушылардың жер сілкінісі кезіндегі қимылдары" атты интерактивті сабақ өткізді. Бұл туралы Today.kz хабарлады.
Дәріс онлайн режимде өтті. Яғни, қаланың басқа мектептерінің оқушылары да сабақты видео портал арқылы көріп отырды. Шараның басты мақсаты - оқушыларды осындай қауіпті апаттар кезіндегі қабылдау керек шешімдермен таныстыру, сонымен қатар жер сілкінісі туралы түсінік қалыптастыру.
Сабақ барысында тыңдаушылар жер сілкінісінің пайда болуының басты себептерін біліп, оның интенсивтілігі туралы түсінік алды. Бұдан бөлек эвакуация шаралары туралы түсіндірме жұмыстары болды.
Шараға қаланың 50 шақты мектебі, яғни шамамен 25 000 оқушы қатысты. Барлық оқушылар арнайы дайындалған видеороилкті тамашалап өз ойларымен бөлісті.
Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы Массагет дайындаған материалмен мына жерден оқып таныса аласыздар.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: today.kz