Нью-Йоркте суретші Кәріпбек Күйіковтің көрмесі ашылды

Нью-Йоркте еліміздің дарынды суретшісіядролық қаруға қарсы«Атом» жобасының елшісі Кәріпбек Күйіковтің көрмесі ашылды.

Өнер майталманының туындыларын тамашалауға танымал саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, дипломаттар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері келген. Ядролық қарусыз әлемді бейнелеп жүрген жерлесіміздің бірегей суреттері БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мунның да назарынан тыс қалмады.

Ол тағдырдың қатал жазуына әуел бастан-ақ мойынсұнбаған. Өмірге деген құштарлығының арқасында сурет салуға ден қойған. Қылқаламды аузымен немесе аяғымен ұстап, өмірдің кезкелген сынынан сүрінбей өтуге шақырады. Ал сүйікті өнерінеөзі тәрізді атомдық сынақтардың қасіретін тартқанжандарды арқау етеді. Нью-Йорк төрінде дарынды суретшінің бірегей туындыларын БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун тамашалап, тәнті болды.


Дереккөз: 24.kz