Н.Назарбаев: Көпбалалы отбасындағы әр балаға 21 мың теңге төленеді

Н.Назарбаев: Көпбалалы отбасындағы әр балаға 21 мың теңге төленеді
Фото: akorda.kz

Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясының XVIII съезінде көпбалалы отбасылардағы әр балаға төленетін минимал соманы 21 мың теңгеге жеткізуді тапсырды.

"Қазіргі уақытта арнаулы әлеуметтік көмекті мемлекеттен 111 мың отбасы алып жатыр. Үкіметке мұндай отбасыларға көрсетілетін көмектің талаптарын күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін көтеруді тапсырамын. Көпбалалы отбасылардағы әр балаға берілетін төлемнің минимал көрсеткіші 21 мың теңге болсын. Одан бөлек, жәрдемақыны тағайындау барысында әркімнің босағасын жағаламау үшін, әлеуметтік көмек көрсету процедурасын барынша жеңілдету керек", - деді президент.

Елімізде бүгінде 340 мыңдай отбасының төрттен көп баласы бар. Жыл сайын көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету үшін 500 миллиард теңгеден аса қаражат бөлінеді.

"Бұл отбасылардың табыс деңгейі әртүрлі. Кейбіреуінің жақсы табысы бар, ал кейбірінің табысы аз, сол отбасыларға біз көмек көрсетеміз, осыны ескеру қажет. Миллионерлерге мемлекеттен тағы да әлеуметтік қолдау көрсетудің қажеті не? Бірінші кезекте мемлекет табысы аз отбасыларға көмектесуі қажет", - деді президент Назарбаев.

Massaget.kz