Синоптиктер 2018 жылдың наурыз айына арналған консультациялық ауа райы болжамын бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидромет республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның оңтүстігіне көктем уақытылы келсе, солтүстігінде қыс мезгілі әлі кетуге асықпайды. Бірінші онкүндіктің басында және соңында Ресейдің Еуропалық аумағынан келетін суық антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде күн едәуір суытатын болады. Республиканың кейбір аудандарында фронталдық бөлімдердің өтуіне байланысты (жаңбыр, қар), оңтүстікте және оңтүстік-шығыста қатты жауын-шашын болуы мүмкін. Ауа температурасы: солтүстік бөлігінде түнде 20...28С дейін аяз, күндіз 10....18С дейін аяз; оңтүстік бөлігінде түнде 0...8С дейін, күндіз 0...5С жылы болып төмендейді, - деп болжады мамандар. Сонымен қатар синоптиктердің мәліметінше, көктемгі жылу бірнеше дүркін суықтың қайтып келуімен ауысады. Ай ішіндегі орташа ауа температура нормадан жоғары 1...20С дейін болады деп күтіледі. Тек Шығыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Батыс Қазақстанда, Қостанайдың басым бөлігінде және Ақтөбенің солтүстігінде нормаға жуық болады деп болжанады. Жауын-шашынның айлық мөлшері Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Қарағанды мен Ақтөбенің оңтүстігінде нормаға жуық, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында нормадан асады деп күтіледі. Айлық болжам, 60-65% ықтималдылықпен беріліп, консультативті сипатқа ие, ол 7 және 3 тәулікке түзетілетін болады, - деді синоптиктер.