Белгілі режисер Ақан Сатаев, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев және кардиохирург Юрий Пя V жалпыхалықтық «Менің Қазақстаным» патриоттар форумы премиясының лауреаты атанды, деп хабарлайды BNews.kz.
Тұңғыш Президент күніне орай 4 аталым бойынша марапат табыс етілді. Аталымдар: «Сүйем сені, менің Қазақстаным!», «Асқан азаматтық», «Әлемді мойындатқан Қазақстан», «Биікке ұмтылған Қазақстан» болып бөлінген.
Бірінші аталымда лауреат атанғандар:
![]() | Серік Ақшолақов – медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик, Қазақстан республикасының еңбек сіңірген қызметкері, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас нейрохирургы, «Парасат» орденінің иегері. |
| Ақан Сатаев – «Жаужүрек мыңбала» фильмінің режисері, отандық киноөндірісінің дамуына қосқан үлесі үшін лауреат атанып отыр. | ![]() |
![]() | Әсет Нұрпейісов – контент басқару жөніндегі әлемнің 4 жүйесін мемлекеттік тілге аударып шыққаны үшін. |
| «Асқан азаматтық» аталымы бойынша Тараз қаласындағы «Мейірім» медициналық орталығының директоры Гүлнара Нұрымова қайырымдылық акциялар ұйымдастырып, мұқтаж жандарға көрсеткен әлеуметтік көмегі үшін берілді. | ![]() |
![]() | Дәл осы аталым бойынша Қызылордалық кәсіпкер – Абзал Иралиевке өз аймағындағы жас ұрпаққа көмек беріп, балабақшалар, мектептер, мәдени нысандар мен басқа да қоғамдық орындар салғаны үшін лауреат атағы берілді. |
| Қазақстан республикасының құрметті доноры Александр Скаковскийге 40 жыл бойы 500 литрден астам қан тапсырғаны үшін лауреат атағы берілді. | ![]() |
![]() | Полиция капитаны, ІІМ «Сұңқар» арнайы міндеттегі отрядының штурмовигі Бағдат Дүйсенов қарулы қарсылық көрсеткен қауіпті қылмыскерлерді ұстау операциясында ерлік көрсеткені үшін лауреат атанды. |
| Ал «Әлемді мойындатқан Қазақстан» аталымы бойынша Олимпиада құрамасының капитаны, әлемнің екі дүркін чемпионы, олимпиада чемпионы, Баркер кубогының иегері Серік Сәпиев патриот ретінде марапатталды. | ![]() |
![]() | Ең кішкене патриотымыз, ең жас гроссмейстер, әлемнің 4 дүркін чемпионы Жансая Әбдімәлік болды. |
| Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі, көптеген халықаралық байқаулардың лауреаты, Хариклей Даркле атындағы вокалистердің халықаралық байқауының гран-при иегері Медет Шотабаев аталған аталымның төрттігін түгендеді. | ![]() |
«Биікке ұмтылған Қазақстан» аталымы бойынша ел патриоттары:
![]() | Юрий Пя – «Ұлттық ғылыми кардиологиялық орталығы» АҚ төрағасы елімізде тұңғыш рет жүрек ауыстыру отасын жасағаны үшін марапатталып отыр. |
| Мақсұт Жұмаев – әлемдегі 8 мыңдық биіктікті құрайтын 14 шыңды бағындырған альпинист. ҚР альпинистер құрамасының капитаны. | |
![]() | Дина Аскарова – Әлеуметтік және гуманитарлық Мектептің түлегі, «Назарбаев университеті» студенттік басқару вице-президенті. |
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: redfox.ru, altaynews.kz, inform.kz
А. Құлтай











