Әр адам өз тарихы мен мәдениетін білуі тиіс. Сол себепті еліміздегі 14 жоғарғы оқу орнының және 3 шетелдік ЖОО студенттері Павлодар облысында өтіп жатқан Қазақстан ұлттық географиялық қоғамы ұйымдастырған "Хан Қорық" фестиваліне барды. Бұл туралы TengriMIX хабарлады.
Бұл фестивальге 140-қа жуық адам қатысты.
Қатысушылар ең әуелі қаланың көрікті жерлерін аралады. Мәселен, Благовещенский шіркеуі.
Павлодар вокзалы маңындағы мына бір ерекше ескерткішке көңіл қойды.
Экскурсия Баянауыл ұлттық саябағында жалғасын тапты. Жастар Баянауылдың ең биік нүктесі Ақбет (1027 метр) тауын бағындыруға бел буды.
Аңыз бойынша таудың аты Ақбет есімді қыздың құрметіне қойылған. Ол сүймеген адамына күйеуге бермек болғаны үшін өзін осы таудан тастап жіберген екен.
Тау басына шығып келген соң қатысушылар үшін Жасыбай көлінің жағасында ойын-сауық шоу – рыцарьлар сайысы болды.
Одан кейін ең қызығы – археология саласы бойынша шеберлік сабағы басталды. Барлығы Торайғыр өзені маңындағы ежелгі қорыққа назар салды.
Сонымен бірге қазба жұмыстарына да қатысты.
Қатысушылар экскурсия барысында қорымның басы-қасында жүріп, әйгілі мұртты сақ қорғандарын көрді. Мұндай қорғанның үш құрамдас бөлігі бар: үлкен қорғанда адам жерленеді, кіші қорғанда аттар мен балшықтан жасалған құмыралар және тас жүйектер. Кіші қорғандар жартылай доға түрінде келеді.
Түркі дәуіріне тән балбал тастарды да көруді ұмытқан жоқ.
Барлық қатысушылар Баянауылдан 3 шақырым жерде орналасқан қазақтың аяулы ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың кесенесіне ат басын бұрды. Кесене 1993 жылы ақынның 100 жылдығына орай салынған.
"Хан Қорық" фестиваліне қатысушылар Баянауылдың ең көрікті жерлерінің бірі Кемпіртас жартасына барды. Оны туристер Баба-Яга деп атайды.
Қатысушылар "Туған жер – менің тарихым, менің мәдениетім, менің туған өлкем" атты ғылыми-практикалық конференция өтіп жатқан Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының мұражайына соқты.
Ең соңғы күні студенттер "Ертіс думаны" мерекесін тойлады.