Бүгін – қызығы мен шыжығы мол ерекше кезеңді бастан өткеріп жүрген, сәні мен салтанаты, мәні мен мағынасы мол өмір кейіпкерлерінің төл мерекесі... Бүгін - сұлу сезім, қайратты мінез, жігерлік пен жастық шақтың мерекесі... Бүгін – Халықаралық студенттер күні.
Осыдан 63 жыл бұрын, яғни 1939 жылы 28 қазан күні фашистер басып алған Чехословакияның студенттері мен ұстаздары Чехословакия мемлекетінің құрылғанына бір жыл болғанын атап өту үшін шеруге шығады. Басқыншы бөлімдер шеруді басып тастап, сонымен бірге медицина факультетінің студенті Ян Оплеталды атты.
1939 жылы 15 қарашадағы Ян Оплеталды жерлеу рәсімі қайтадан наразылыққа ұласты. Шеруге шыққандардың көбі қамауға алынған. 17 қарашада гестапошылар мен эсэстер таңертең студенттік жатақханаларды қоршауға алынып, 1200-ден астам студент ұсталып, Заксенхаузендегі концлагерьлерге қамалды. Студенттік қозғалыстың тоғыз белсенді студенті Рузина атты прагалық ауданда түрме қабырғасында сотсыз дарға асылды. Гитлердің бұйрығымен Чехиядағы барлық оқу орындары соғыс аяқталғанға дейін жабылды.
1946 жылы 17 қарашада Прагада өткен чехиялық студент-патриоттардың құрметіне болған Бүкіләлемдік студенттер конгресінде «Халықаралық студенттер күні» белгіленді. Осындай қайғылы оқиғадан басталатын студенттер күні бүгінге дейін үзілместен атап өтіліп келеді.
Ендеше, ақ қанат армандары шексіз, жастық жігерлері ғаламат, қызықты өмір қаһармандарын төл мерекелерімен құттықтаймыз! Келешекте Ұлы барыс елінің тұтқасын ұстар адуынды азамат атануларыңызға шын жүректен тілектеспіз!
Ізгі ниетпен: Массагет ұжымы