Алматы қаласының Мәдениет басқармасы және Білім басқармасы ұйымдастырған биылғы жылы алғашқы рет өткізіліп отырған Алматы қаласы күніне арналған «Мен туған Алматымның тарихын білемін» атты қалалық байқау өз мәресіне жетті.
Жастарды отаншылдыққа, азаматтық жауаптылыққа, өз мемлекеті мен Алматы қаласына деген мақтаныш сезімін тәрбиелеуді мақсат еткен байқау Алматы қаласының жалпы білім беретін мектептерінің, гимназиялары мен лицейлерінің 10-11 сынып оқушылары арасында өтті. Үш кезеңнен тұрған байқауға қазақ, орыс тілінде бас-аяғы 55 жұмыс қатысып, оның 30-ы Алматы қаласының Мәдениет басқарма басшысының орынбасары – Ж.Қ.Омарбекова, Алматы қаласының Мәдениет басқармасы тарихи-мәдени мұра және мұражай кітапхана жұмысы бөлімінің басшысы – Л.Қ.Сағындықова, Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары – Г.М.Самотокина, Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының жетекшісі, ғылыми қызметкер – Х.С.Алдажұманов, Алматы қаласының тарихи мұражайының директоры – А.А.Мейлих, Алматы қаласының тарихы мұражайының ежелгі, ортағасырлық және верный кезеңі бөлімінің меңгерушісі – Г.А.Білялова, Алматы қаласының тарихы мұражайының қалақұрылысы тарихы бөлімінің меңгерушісі – Н.П.Чулакова, Алматы қаласының тарихы мұражайының ғылыми хатшысы – М.М.Нұрпейсовадан құралған арнайы комиссия мүшелерінің шешімі бойынша екінші кезеңге өткізілді.
Очерк, эссе түрінде қабылданған үздік 30 жұмыстың авторлары 12 қыркүйек күні №29 кітапхананың оқырман залында өткізілген екінші кезеңде Алматының тарихы туралы 30 сұрақтан тұратын тестке жауап берді. Тест қорытындысы шыққанша, қатысушы 30 оқушы ұйымдастырушылар тарапынан Алматы қаласының екі мұражайын аралап, мұражай экспонаттарымен танысып қайтты.
Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша үшінші кезеңге өткен 10 үздік қатысушы 16 қыркүйек күні Ықылас Дүкенұлы атындағы ұлттық аспаптар мұражайында сегіз адамнан тұратын арнайы комиссия мүшелері алдында өз жазған очерк, эсселері және қосымша сұрақтар бойынша жауап берді. Үшінші кезеңнің қорытындысы бойынша үш оқушы үздік атанып, қалған жеті қатысушы және үздік он қатысушының ұстаздары байқауға қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды. 55 оқушы ішінен үздік шығып, Алматы тарихын жан-жақты зерттеп, өз білімін дәлелдеген №60 гимназияның 10-сынып оқушысы А.Иманбек бірінші орынды, №131 мектеп-гимназияның 10-сынып оқушысы А.Абылғазиева екінші орын, №27 гимназияның 11-сынып оқушысы А.Купцова үшінші орынды иеленді. Бас серіктесі "Sumsung" компаниясы болған байқауда бірінші орын иегері - ноутбук, екінші орын - планшет, үшінші орын - ұялы телефонын және мақтау қағаздарын 21 қыркүйек күні Тұңғыш Президент саябағында өтетін қала күніне арналған мерекелік кеште тікелей қала әкімі А.Есімовтың қолынан алатындықтары айтылды. Осылайша, оқушылар арасында алғаш рет өткізілген Алматы қаласының тарихы туралы байқау жылда өткізіліп тұратын болады деген үмітпен өз деңгейінде жақсы дәрежеде аяқталды.
Жолдаған: Мақпал Сембай