"Қазақстанның Халық банкі" АҚ-ның 90 жылдығына орай "Медеу" мұз айдынында тегін сырғанау күні болады. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
"Халық банкінің туған күніне орай Алматыдағы "Медеу" мұз айдынында тегін сырғанау күні ұйымдастырылып отыр. Қаланың кез келген тұрғыны келіп, сырғанап, көңіл көтеріп қайтуына болады. Біз бұл шараны 12 қаңтар күні өткіземіз деп ойлаған едік. Дегенмен ол күні қалың қар жауып, шараның өткізілуіне мүмкіндік болмай қалды. Сондықтан мерекені 20 қаңтарға ауыстыруға тура келді", - деп түсіндірді "Қазақстанның Халық банкі" АҚ-ның баспасөз хатшысы Ермек Қойшыбаев.
Мерекелік шара үстіміздегі 2013 жылдың 20 қаңтарында 10.00-23.00 аралығында өтеді.
Естеріңізге сала кетелік, Массагет бұған дейін "Медеу" мұз айдынында тегін сырғанақ 12 қаңтар күні болатындығын айтқан болатын.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: alasharena.kz