- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Маңғыстау түйелерін жарықшағылыстырғыш...
Маңғыстау түйелерін жарықшағылыстырғыш құтқармақ
Маңғыстаулық жол полицейлері аймақтағы түйелер мен жылқыларға жарық шағылыстырғыш жолақ жапсыруды ұсынып отыр. Бұл шара түнде жолға шығып кететін малдың кесіріне тосқауыл болмақ.
Жол полиция қызметкерлерінің айтуынша, инспекторлар түйе мен жылқы малы иелеріне жарық шағылыстырғыш жолақтар тарата бастапты. Жолақтар қымбат емес. Әрқайсысының бағасы 200 теңге көлемінде екен. Жолақты малдың мойнына немесе құйрығына байлап қою керек. Түнгі уақытта жарық шағылыстырғыш жолақ көлік жүргізушісіне 300-350 метр қашықтықтан анық көрініп, көлік апатын болдырмауға сеп болады. Малы бар жергілікті жұрт бұл өзгеріске оң қабақ танытып отыр. Себебі түнгі уақытта малдың қай тұста жайылып жүргенін біліп отыру оларға да қажет. Статистикаға қарағанда, өткен жылы ірі қараның кесірінен 25 көлік апаты болған, 6 адам қаза тауып, 20 адам түрлі деңгейде жарақат алған. Мамандардың айтуынша, малға жарық шағылыстырғыш жапсыру Сауд Арабиясында заң жүзінде бар.
Эмилия Алиева, Маңғыстау облысы ішкі істер департаментінің Жол полициясы жеке батальонының аға-ғылыми инспекторы:
- Түнгі уақыттарда жолда жатқан немесе жайылып жүрген ірі қараны байқау өте қиын. Басты мәселе де сол - мұндай жол апаттары жағдайында кімнің кінәлі екенін анықтау мүмкін емес, себебі жүргізуші өзі қателессе де, оны мойындамай жатады.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: novonews.tvnet.lv
А. Құлтай