- Негізгі бет
- Қазақстаным
- «Маңғыстау электртораптық бөлу...
«Маңғыстау электртораптық бөлу компаниясы» акцияларын екінші қайтара жария орналастырады
«Маңғыстау электртораптық бөлу компаниясы» АҚ Қазақстан қор биржасына акцияларын екінші қайтара жария орналастырады.
Сатуға 482 338 жай акция немесе компанияның шығарылған жай акцияларының жалпы көлемінің 24 пайыз +1 акциясы қойылады. 24 қарашадан 10 желтоқсанды қоса алғандағы кезеңде олар бөлшек және институционалдық инвесторларға бір акция үшін 5147 теңге бағамен ұсынылады. МЭБК жай акциялары KASE листингінде үшінші санатты бағалы қағаздардың ресми тізімінде тұр. «Асыл-Инвест» АҚ мәміле букраннері және қаржылық консультант болып табылады.
«МЭБК» АҚ табиғи монополия мәртебесінде Маңғыстау облысында (Ақтау қаласынан басқа) электр энергиясын тасымалдау мен сату қызметін қамтамасыз ететін ірі кәсіпорын болып табылады. МЭБК негізгі тұтынушылары – кіріс бөлігінің 80 пайыздан артығын құрайтын ірі мұнайөндіруші компаниялар болып табылады. «Мұнай өндіру» есебінен тұрақты өсім байқалады – 2014 жылдың 9 айындағы электр энергиясын босату 10 пайызға жетті. Мұнай өндірудің өсуі, мықты басшылық құрам және басқарудың ашық жүйесі «МЭБК» АҚ-ның ертеңгі күніне сенімділік береді.
Мұның бәрі «МЭБК» АҚ қаржылық көрсеткіштерінің өсу қарқынындағы оң көрсеткіштерден байқалады - 2010 жылдан 2013 жылға дейін таза пайда 58,3 миллионнан 1,156 миллиард теңгеге артты, сәйкесінше EBITDA 7 есеге өсті. Қазіргі кезде МЭБК өңірдегі электр желілі компаниялардың бірегейі болып табылады, ол FitchRatings растаған кредиттік рейтингке - ВВ+ (тұрақты болжам) деңгейінде шетелдік валютамен эмитент дефолтының ұзақмерзімді рейтингіне, сондай-ақ ВВВ- деңгейінде ұлттық валютамен эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингіне ие. Қалған бөлігі – «МЭБК» АҚ-ның «Самұрық-Энерго» АҚ-ға тиесілі 51 пайыз акциясы екі сатылы ашық конкурста стратегиялық инвесторға сатылады. Еске сала кетейік, «Самұрық-Энерго» АҚ Үкімет қаулысы мен Мемлекет басшысының жеке секторға беруге жататын кәсіпорындар тізімін анықтау бойынша берілген тапсырмасы аясында МЭБК–нің 75 пайыз акциясын сатады. Жылдың аяғына дейін «Жамбыл МАЭС» АҚ-ның 50 пайыз акциясы; «Ақтөбе ЖЭО» АҚ-ның 100 пайыз акциясы; «ШҚ АЭК» АҚ-ның «Шығысэнерготрейд» ЖШС-мен бірге 100 пайыз акциясы бәсекелес ортаға сатуға қойылмақшы.
сурет: inform.kz
Е. Қайрахан