- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Қытай ғалымдары Қазақ...
Қытай ғалымдары Қазақ Хандығы туралы деректерге қызығушылық білдіруде
Бейжіңде Халықаралық Түркі академиясы (ITA) Қытайдың Қоғамдық ғылымдар академиясына (CASS) қарасты Этнология және антропология институтымен бірлесіп Қазақ хандығына қатысты ғылыми жиын өткізді, деп жазады baq.kz.
Алқалы шараны Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Этнология және антропология институтының директоры Ван Яньчжун құттықтау сөзбен ашты. Қазақ хандығына қатысты жиынға қытайлық ғалымдардың қызығушылығы ерекше болды. Әсіресе Халықаралық Түркі академиясының ғалымы, профессор Бақыт Еженханұлының Қазақ хандығы тарихы туралы қытай-мәнжу мұрағат құжаттарына сүйеніп жасаған баяндамасын ықыласпен тыңдады.
Өз кезегінде Қытайдың Қоғамдық ғылым академиясының Әлеуметтік зерттеулер институтының директоры, профессор Сун Чжунчжи, Бүкілқытайлық этникалық аз ұлттар тарихын зерттеушілер Қауымдастығының бас хатшысы профессор Лю Чжэньин, Қытайдың шекаралық аймақтарын зерттеу институтының бұрыңғы басшысы, профессор Ли Шэн және өзге де танымал қытай ғалымдары сөз сөйлеп, Қазақ хандығының 550 жылдығына байланысты өз пікірлерін білдірді.
Жиын барысында Халықарлық Түркі академиясы мен Қытайдың Қоғамдық ғылым академиясының бірқатар институттары арасында ынтымақтастық орнату мәселелері пысықталып, бірлесіп ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу, ортақ шаралар атқару және ғылыми жинақтар шығару туралы сөз болды.
сурет: kk.wikipedia.org