Қазақстандықтар Құрбан айт мерекесінде 13-15 қазан аралығында, яғни, үш күн демалатын болады. Бұл туралы ақпарат Қазақстан Республикасы премьер-министрінің сайтында жарияланған. 12 қазанға сәйкес келетін демалыс күні (сенбі) 14 қазанға ауыстырылып отыр.
Айта кетейік, ҚР Еңбек кодексінің 96-бабына сәйкес Құрбан айттың тек бірінші күні демалыс күні ретінде бекітілген. Ал демалыс күндеріне тура келсе, басқа күнге ауыстырылады. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік мерекелер туралы» ҚР 2001 жылғы 13 желтоқсандағы заңында былай деп көрсетілген: «ҚР ұлттық және мемлекеттік мерекелер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндері болып саналады».
Мұсылман қауымының қасиетті мерекесі Құрбан айт Рамазан айынан кейін 70 күннен соң тойланады. Биыл бұл мереке 15-17 қазанға түседі екен.