Қазгидрометтің синоптиктері 11-13 желтоқсанға арналған республика бойынша ауа райы болжамын ұсынды.
Болжам бойынша, солтүстік-батыстан кезекті антициклон жылжып келеді, бұл ауа температурасының төмендеуінің жаңа толқынын тудырады, алдымен батыста, содан кейін Қазақстанның солтүстігінде күн суытады. Бұл аймақтарда түнде термометр 15-25 градусқа дейін төмендейді.
“Тек оңтүстік аймақтарда әлі жылы болады. Оларға оңтүстік циклон әсер етеді, ол мол жауын-шашын әкеледі, көктайғақ болуы мүмкін, алайда ауа температурасы қолайлы болып қалады”, - делінген болжамда.