Қостанайда бірінші инновациялық форум өтеді. Бұл туралы Bnews.kz хабарлады.
Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов: "11 сәуір күні Қостанай облысында Бірінші инновациялық форум өтеді. Шара жаңа идеялар іздеуге, инновациялық жобаларды нарыққа енгізуге бағытталады. Жиынға профильді министрліктер мен ведомстволардың, даму институттарының, ғылым ордаларының, сайт жасаушы компаниялардың өкілдері қатысады. Сонымен қатар, Белоруссия жән Ресей федрациясының делегаттары қатысады", - деді.
Оның айтуынша, сөз болып отырған «Kostanay Invent 2013» шарасы аймақтың деңгейде бірінші рет өткізілгегелі отыр.
"Форумның басты мақсаты ғылыми орта мен бизнес өкілдерін жолықтыру. Қатысушылар идеяларын көршілікке ұсынып, инвесторлар табуға мүмкіндігі болады", - деді Сәдуақасов.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: sibilev.net