Эстрада әншісінің әлемдік сахнаға шығып, бүкіл халықтың көзайымына айналды. Оған арналған гүл шоқтары мен шапалақ үні көлдей толқыды. Сондай сәттердің бірінде тілші әлгі жұлдыздан: «Қазір сіздің даңқыңыз жер жарып тұр, сіз нені бақыт деп санайсыз?» деп сұрады. Ол: «Үйіме қайтып бас көтермей ұйықтап, таңның атқаны мен күннің батқанын есімнен шығарып жіберсем, сонан соң, сүйіктімнің қолынан жасалған дәмді асты жесем ғана болғаны» деген екен.
Оның қажет ететіні гүл шоқтары мен ду қол шапалақ үні емес, қайта қоңыр әңгімені шертіп жататын бабындағы ритімді тұрмыстың өзі ғана. Оның бақыты өзінің қаншалықты нәрсеге ие болғандығында емес, қайта күнделікті тұрмыста өзіне ғана тән болған бақыттың, нағыз сүйіспеншіліктің баянды да еш уайымсыз, шынайы қызығын көре алуы еді.
Сурет: singingtipsinfo.wordpress.com