Көрікті мекен танымдық сапары биыл Алматы облысынан басталды.Жобаға қатысушы топ 3 күн бойы мемлекеттік маңызы бар су нысандарының жұмысымен танысып, мамандармен сұхбаттасып, өзен-көлдерге саяхаттап, өңірдегі шаруа қожалықтарын аралап көреді. Өткен жылы жоба Түркістан облысынан бастау алған еді. Биыл Алматымен жалғап отырмыз. Елмен жолығып, олардың тіршілігін көзбен көргенге ештеңе жетпейді. Осы тұрғыдан алғанда мұндай іс-шаралар қажет-ақ. Тағы Жамбыл, Қызылорда, Ақмола, Қарағанды, Батыс және Шығыс Қазақстан облыстарына бару жоспарда бар. Еліміздің экономикалық мүмкіндіктерінің артуымен біз ел қауіпсіздігіне тікелей қатысы бар су ресурстарын реттеу, стратегиялық маңызды су нысандарының құрылысын жаңғырту мен жаңа объектілерді тұрғызу жұмыстарын жүргіздік. Аталған ауқымды істерде Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті мен оған қарасты мемлекеттік кәсіпорындардың қомақты үлесі орасан, дейді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, Су ресурстары комитетіне қарасты Қазсушар РМК-нің Баспасөз хатшысы Азамат Байғалиұлы. Танымдық сапарға елімізге белгілі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, интернет-журналистиканың танымал өкілдері тартылып отыр. Олар облыстағы ауыл шаруашылығының жай-күйін әлеуметттік желілердегі парақшаларында да бөлісіп отырады. Дереккөз: today.kz