Көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионаты аяқталды

Көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионаты аяқталды

Астанада 11-і мен 14 сәуір аралығында еліміздің тоғыз аймағынан 85 үздік спортшылар қатысқан көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионатын аяқталды. Бұл туралы Астана қаласы әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Көпсайыста финалда жаттығудың барлық төрт түрінен 62,250 балл жинаған жеңісті алматылық Виктория Горбунова иеленді. Одан елордалық Әлия Асымова 2,5 балл арта қалып, күміс жүлдені олжалады. Тағы бір астаналық қыз Екатерина Скорикова да 55,100 баллмен үшінші құрметті орынға көтерілді.  

Топтық жаттығуда жарыс иелеріне тең келетін ешкім болмады. Ақбота Қалымжанова, Ақбаян Айтжанова, Назгүл Әбдуәли, Жаннет Жабоева, Елена Марьясова және Ардақ Күмісбаева қарсыластарынан оқ бойы озық тұрды. 10 булав жаттығуда 13,900 балл жинаған және жаттығуларын үш доп, екі лентамен сәтті өткізген астаналық қыздар қорытындысында 26,100 балл жинап, чемпионаттың алтын медалін заңды түрде еңбек сіңіріп иеленді", - делінген таратылған ақпаратта.

22,750 балл жинаған Шығыс Қазақстан облысының құрамасы (Камилла Сафина, Алина Ципневская, Татьяна Пономарева, Кристина Поспелова, Светлана Тюрина) екінші орынға көтеріліп, қола медаль Павлодар облысынан келген көркем гимнасшыларға (Юлии Кизима, Жадыра Назымбекова, Алина Александрова, Анна Ермолаева, Альбина Жолдыбаева, Альмира Әубәкірова) бұйырды.

Командалық біріншілікте (жеке бағдарлама) астананың өкілдері жеңіске жетті. Елордалық құраманың көшбасшылары Екатерина Скорикова, Акбота Калимжанова, Әлия Асымова мен Ардақ Күмісбаев  168,550 балл жинап ел чемпиондары атанды. Екінші орынды -162,750 ұпай жинап алматылық жеңіп алды. Күмісті Виктория Горбунова, Анна Афуксениди, Жаннет Жабоева, Назгүл Әбдуәлі иеленді. Үшінші орында - 124,850 балл жинаған Шығыс Қазақстан облысының өкілдері - Елена Марьясова, Камилла Сафина, Валерия Шевелева және Екатерина Харитонова.

Чемпионат қорытындысында қалыптасқан еліміздің құрамасы енді Әлем кубогы, Азия чемпионаты, Әлем біріншіліктері - халықаралық жарыстарына дайындалатын болады.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: astana.kz

Massaget