Елдің аңсаған мұратының асқаралы асуына даңғыл жол ашқан Ата Заң кемел болашақтың жарқын көрінісі. Елбасының "Кешегі тарихтан тамыр алған, ертеңгі тарихқа тұғыр болған Ата Заңымыз салтанат құрып тұрғанда еліміз толағай табыстарға бөлене бермек" деген сөзінің астарында терең мағына, үлкен ой жатыр. Мемлекет басшысы осындай тұжырымды пікірімен бүгінгі өркениеттік құндылықтар мен бағзыдан жеткен ұлы дала демократиясының элементтері енген Конституцияның мызғымастығы мен тарихи әлеуетін белгілеп берді.
"Мәңгілік Ел" идеясымен біртұтастыққа айналған халық санасындағы жасампаздық біздің мәдениеттің даму қарқыны әрдайым арттыра беретіні анық. Қазақта "Ел үмітін ер ақтар" ұғымының тұжырымдамалық маңызы өте зор. Бұл ретте қазақтың ата-баба жолымен қалыптасқан "елдік сана" ұғымының нық та берік мұратқа айналғанын айта кетуге болады. "Мәңгілік Ел" патриоттық актісінде басты құндылық ретінде белгіленген тәуелсіздік идеясы еліміздің мәдениетінің бұлжымас тетігін құрап отыр.
Еліміздің басты құжаты, көптің үнін үкілеген конституциямыз бар мазмұны мен мәні арқылы ел үшін нұрлы жолды бағыттап берді.
Біздің Конституциямыздың гуманистік құндылықтары индустрияландыру мен инновацияға негізделген экономикалық өсудің мемлекеттік бағдарламасынан қолдау табады. Бұл мәселеде Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын құру идеясы - оның дүниетанымдық құраушысы болып саналады.
«Мәңгілік Ел» патриоттық актісінің алтын қазығы болып саналатын барлық құндылықтарымыз қазақстандық мәдениеттің патриоттық мәнділігін танытады. Бұл ретте Ата Заңның алатын орны ерекше. Ата Заңымыздан нәр алған конституциялық еркіндігіміз бүгінгі жақсы өмірімізді де қамтамасыз ету көзі. Мәдениет арқылы өмір сүру, еліңді сүю мен жасампаз болу, осынау жаһанның бір сапалы да маңызды бөлшегіне айналу, қоғамдық және саяси өмірге саналылықпен араласу да осы кезеңнің бізге берген бақыты.