- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Конституция күні құтты...
Конституция күні құтты болсын!
Қай заманда да, қай қоғамда да елді тәртіпке салатын, халықтың қамын күйттейтін бір заңның болуы шарт. Қасым ханның "Қасқа жолы" мен Есім ханның "Ескі жолы" етегімізді жинап, ел болуымызға себебін аз тигізбеді. Ал Тәуке ханның "Жеті Жарғысы" бүгінгі Ата Заңымыздың алғышарты ретінде тарих сахнасынан ұмытылмақ емес.
Бүгіндері күшінде тұрған Қазақстан Республикасының Ата Заңы 1995 жылдың 30 тамызы күні бүкілхалықтық референдумда қабылданды (Бірақ Конституцияға 1998 жылы және 2007 жылы толықтырулар мен өзгертулер енгізілді). Бұл күн мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні саналады.
Еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігі баянды болсын! Сіз бен біздің құқығымызды қорғап, ұрпақтарымызға жарқын жол сілтейтін Конституцияның әр заңдары мен талаптарына жауапкершілікпен қарайық. Қазақтың Ата Заңын құрмет тұтайық!
Құрметті отандастар, Массагет.кз порталының ұжымы баршаңызды Қазақстан Республикасының Конституция күнімен құттықтайды!
Массагет.кз
А. Әбілхан