Қазақстанда 5 қаңтардан бастап Төтенше жағдай режімі енгізілгені белгілі. Сондай-ақ, түнгі 23.00 бен таңғы 07.00-де коменданттық сағат енгізілген. Төтенше жағдай мен коменданттық уақытта не істеуге болмайды, сол жайлы қарастырайық.
Төтенше жағдай кезіндегі азаматтардың жүріс-тұрысы Төтенше жағдай жөніндегі заңмен бекітілген.
Заңға сәйкес, барлық күш құқық қорғау органдары (полиция қызметкерлері) мен басқа да қорғаныс құрылымдарының (әскери қызметкерлер) қолына беріледі. Әскери және полиция қызметкерлері тәртіп пен құқық орнатуға жұмыс істейді.
Полиция қызметкерлері кез келген азаматты тоқтатып, құжатын тексере алады. Ал бұған көнбегендерді ұстауға, тұтқындауға құқылы.
Сондай-ақ, полицейлер азаматтардың көлігі мен жеке мүліктерін де тексере алады.
Төтенше жағдай енгізілген аймақтарда полиция қызметіне бағынбағандар тұтқындалады не айыппұл төлейді. Айыппұлдың көлемі 6 миллион теңгеге жетуі мүмкін. Сондай-ақ, 2 жыл бас бостандығынан айырылуы да ықтимал.
Ал билік өкілдеріне қарсылық пен зорлық-зомбылық көрсеткен жағдайда 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы беріледі.
Ал комендаттық уақыт бекітілген түнгі 23.00 бен 07.00-де қалада жүріп-тұруға болмайды. Ешкім үйден шықпауы тиіс. Бұл уақытта әскерилер аймақта лаңкестерді жою жұмыстарын жүргізеді.
"Тіпті, түнде көлікпен де жүруге болмайды. Күдікті нысанды атуға әскерилердің толық құқығы бар. Сондықтан тәуекелге бел буып қажет емес!", - дейді заңгер Марат Қоғамов.