Наурыздың алғашқы аптасында Астанада 246 сәби дүниеге келді. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.
Наурыздың алғашқы 6 күнінде қыз баладан гөрі ұлдар көбірек туылған.
"Наурыздың бірі мен алтысына дейін Астананың перзентханаларында 246 нәресте дүниеге келген. Атап айтсақ: Сарыарқа ауданында - 87, Алматы ауданында - 119, Есіл ауданында - 40 сәби дүние есігін ашқан", - делінген таратылған ақпаратта.
Сонымен қатар, 246 жаңа туған сәбидің 114-і – қыз, 132-сі-ұл бала.
"Алматы ауданында 64 ұл, 55 қыз бала, Сарыарқа ауданында - 46 ұл және 41 қыз бала, ал Есіл ауданында- 22 ұл және 18 қыз бала ата-анасының көз қуанышы болған"- деді өкілдер.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: motto.net.ua