- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Көктемнің алғашқы аптасында...
Көктемнің алғашқы аптасында елордада 246 сәби дүниеге келді
Наурыздың алғашқы аптасында Астанада 246 сәби дүниеге келді. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.
Наурыздың алғашқы 6 күнінде қыз баладан гөрі ұлдар көбірек туылған.
"Наурыздың бірі мен алтысына дейін Астананың перзентханаларында 246 нәресте дүниеге келген. Атап айтсақ: Сарыарқа ауданында - 87, Алматы ауданында - 119, Есіл ауданында - 40 сәби дүние есігін ашқан", - делінген таратылған ақпаратта.
Сонымен қатар, 246 жаңа туған сәбидің 114-і – қыз, 132-сі-ұл бала.
"Алматы ауданында 64 ұл, 55 қыз бала, Сарыарқа ауданында - 46 ұл және 41 қыз бала, ал Есіл ауданында- 22 ұл және 18 қыз бала ата-анасының көз қуанышы болған"- деді өкілдер.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
Massaget