Көктемде демалуға болатын тау-шаңғы шипажайлары

Forbes журналының ресейлік редакциясы Алматы маңындағы Шымбұлақ тау-шаңғы шипажайын көктем мезгілінде визасыз барып демалуға болатын шипажайлар тізімінің ондығына енгізді.

Рейтинг қыста шаңғы теуіп үлгере алмаған жандар үшін арнайы құрылыпты.

Олай болса, толық тізіммен таныс болыңыздар:

- Цахкадзор (Армения)

- Копаоник (Сербия)

- Кировск (Ресей)

- Силичи (Белоруссия)

- Шымбұлақ (Қазақстан)

- Қаракөл (Қырғызстан)

- Колашин (Черногория)

- Домбай (Ресей)

- Паландокен (Түркия)

- Буковель (Украина)

Айта кетелік, Шымбұлақ – Алматы маңындағы Іле Алатауы шатқалының 2510 метр биіктігінде орын тепкен тау-шаңғылық шипажайы. Талғар асуының бөктеріндегі бұл спорттық кешен 1954 жылдан бастап тау шаңғысы спортшыларының сүйікті орнына айналған. Алғашқыда бұл кешен кеңес тау шаңғышыларының Олимпиадаға дайындық базасы ретінде құрылған. Жарыс жолының ені 25 метр, еңістігі 11-29 градустардың аралығында, сондықтан шаңғышылардың ең жақсы жылдамдық көрсетуіне қолайлы.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

суреттер: news.allinfo.kz, myblogjournal.ru, skitalets.ru, shymbulakhotel.kz, 

friends.kz