"Қазгидромет" 24, 25 және 26 ақпандағы Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды.
Синоптиктердің болжауынша, алдағы үш күнде Қазақстан аумағының оңтүстік жартысы әлі де жауын-шашынсыз ауа райын сақтайтын үлкен антициклонның ықпалында болады.
"Елдің солтүстік жартысы да фронтальды бөліктердің ықпалында сақталады.Жаңбыр, қар жауады, жел секундына 23 метрге дейін күшейеді. Республикада тұман, көктайғақ күтіледі. Елде 26 градусқа дейін аяз болады. Республиканың оңтүстігінде -5 +5 градус аралығында болады, батысында 0-10 градус суық", - делінген хабарламада.
Бұған дейін Қазгидромет мамандары биылғы көктемде қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтқан болатын.