Жүз күй мен мың әнге арқау болған Көкшетаудың кетпендеп тауыса алмас бір төбесінде өзгеше жазу пайда болды. Дәл АҚШ-тағы Калифорния белесіндегі жазбадан аумайтын осы бір жазу көпшілікті қызықтыру үстінде...
Бұқпа шоқысындағы "Көкшетау" жазбасын ТОО «Дизайн Сити» орталығы жасап шығарған. Аталған жазбаның ені 67 метр, биіктігі 10 метрге дейін жетеді. Және тарихи есімді жазу үшін металл мен полимерлік материалдар қолданылған.
Осы бір жазбаның құны жасырын болып отыр. Бірақ, күні бойы көпшіліктің сүйіспеншілігіне айналып, түні бойы алуан түрлі жарықтар түсіріп тұратын "Көкшетау" жазбасының құны күн санап өсу үстінде.
Жергілікті әкімшілік дәл осындай жазудың бұрыннан бері болғанын қалап келген екен. Алайда, қаражат аздығы қол байлау болып келгендігін жасырмайды. Енді міне әлемнің түпкір-түкпірінен келген туристердің санасында "Көкшетау" жазуы мәңгіге тұрақтап қалатын болды.
Айта кетсек, қазірдің өзінде көкшетаулықтар Калифорния дөңіндегі «Голливуд» жазбасымен біршама ұқсастығын байқап, мақтанып-марқайып жүр.
Дайындаған: Фараби Бақыт
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Telegram парақшамызға жазылыңыз!