Бүгін 13:13-те Алматы облысының Іле ауданы, Қызылту елді мекені маңында Скат авиакомпаниясының «Көкшетау-Алматы» бағытындағы Challenger-200 ұшағы радардан жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Апатқа ұшыраған Bombardier Canadair Regional Jet ұшағы Қызылту елді мекені маңына құлаған. Алматы әуежайының мәліметі бойынша, «Көкшетау-Алматы» бағытындағы DV 760 рейсі Астана уақытымен 12.55-те Алматы әуежайына қонуы керек еді.
Кейбір ақпарат көздеріне сүйенсек, ұшақтың ішіндегі 20-дан астам жолаушы қаза тапқан. Апаттың себебі қалың тұман деген болжам бар.
Массагет.кз мән-жайды анықтап, толық ақпарат беретін болады.
Сурет: yvision.kz