Жылдың қай мезгілі болмасын көздің жауын алардай сұлулыққа ие «Торайғыр» көлінің мөлдірлігі кез келген адамды баурап алары сөзсіз. Одан бөлек шатқалдары, жағалауындағы орман мен жазды күндері өсетін тау гүлдері ол көл сұлулығын еселендіре түсетіндей.
Назарларыңызға «Торайғыр» көлінің қысты күнгі көрінісінен фотосуреттерін ұсынамыз.
«Торайғыр» көлі Павлодар облысы Баянауыл ауданы Баянауыл ауылынан солтүстік-батысқа қарай 8 шақырым қашықтықтағы Ақбет тауының етегінде орналасқан.
Ауданы 0,88 шаршы шақырымды болатын көлдің ұзындығы 1,8, ені 0,6 шақырым шамасында. Орташа тереңдігі 3,1 метрлік бұл көлде мөңке, алабұға секілді балық түрлерін көптеп кездестіруге болады.
Көл тектоникалық ойыста пайда болғандықтан, жағасы жақпартасты, тік болып келеді.
Қазақтың белгілі ақыны С.Торайғыров осы өңірде туып-өскен. Ақын бейіті де осы көлдің маңында.
Дереккөз: nationalgeographic.kz