- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Қоғамдық көліктегі жол...
Қоғамдық көліктегі жол жүру ақысы бойынша жүргізілген рейтинг көрсеткіші
2011 жылдың маусым айынан 2012 жылдың қыркүйегіне дейін қоғамдық көліктерде жүру ақысы еліміздің 16 қаласының 12-сінде өскен болатын. Бірақ жолақы құны өссе де, жол жүру билеттерінің бағасы бұрынғыша сақталып қалды.
Осыған байланысты «Рейтинг.kz» пен «Казпотребнадзор» қоғамдық ұйымы жол жүру құны бойынша ең аз көрсеткіш қай қалада сақталғанын анықтап рейтинг жасады.
1 қыркүйектен бастап Қазақстанның ірі қалаларында қоғамдық көліктерде төленетін жолақы құнының орта бағасы 51,25 теңгені құрап отыр. Бұл көрсеткіш 2011 жылдың маусым айында 41,56 теңгені құраған болатын. Демек, бір жыл аралығында 23,3%-ға өсіп тұр.
Қоғамдық көліктерде қолайлы жол жүру ақысы бойынша Талдықорған қаласы көш бастап тұр. Қала тұрғыны орташа айлық шығын бойынша қоғамдық көліктегі жол жүруге 745 рет жүріс жасайды екен. Бұл көрсеткіш Шымкент қаласының жолда жүру бағасының көрсекішінен 69%-ға көп. Шымкент бұл рейтингте ең соңғы орынға жайғасқан. Осы жылғы өсім бойынша бұл қаладағы жол жүру бағасы 35 теңгеден 45 теңгеге өскен болатын.
Арзан жол жүру ақысы сақталған тағы бір қала – Ақтау қаласы екен. Ақтауға жол түсіп бара қалсаңыз, қала ішінде қоғамдық көлікте жүру үшін тек 35 теңге ғана төлейсіз. Жергілікті билік өкілдері бұған газ бен жағармайдың үлесі арқылы қол жеткізіп отыр.
Ал Алматыда жол жүру ақысы 80 теңгені құрайды. Жолда жүру тарифінің өсуіне байланысты Алматы қоғамдық көліктерге аз шығын шығаратын қалалардың тізімінде сегізінші орында тұр.
Айта кетер жайт, осы жылы жолда жүру құны Қазақстанда тек төрт қалада өскен жоқ. Былтырғы жол ақысын өзгертпеген қалалар: Қарағанда, Астана, Қостанай, Орал.
Жолда жүру тарифінің өсуіне байланысты Өскеменде жолақы құны 10 қыркүйектен бастап автобустарда 50 теңгеден 60 теңгеге, ал маршруттарда 65 теңгеге дейін өспек. Соңғы рет бұл қалада жолда жүру бағасын 2010 жылы қыркүйекте ғана өсірген болатын.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: news.nur.kz
А. Әбілхан