Кеше "Астана Опера" театрының шымылдығы түрілді

Кеше "Астана Опера" театрының шымылдығы түрілді

Кеше елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев күллі қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 21 жылдық мерекесімен құттықтады және «Астана Опера» атты мемлекеттік опера және балет театрының ресми түрде тұсауын кесті.

Еліміздің Тәуелсіздігіне арналған салтанатты жиында Қазақстан Президенті «Қазақстан-2030» Стратегиясын іске асырудың негізгі қорытындыларын шығарды және Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын арнады.

Жаңадан шымылдығын түрген опера және балет театры – Қазақстанның ұлттық мәдениетті дамытуда жасап жатқан еңбегінің айқын көрінісі болып табылады және Орталық Азиядағы ең үлкен театрлардың көшін бастап тұр.

Таяуда жас ұрпақтарды балет өнеріне баулитын арнайы балет студиясы ашылатын болады. Театрдың көрермен залы 1250 адамға арналып жасалған және 250 орындық кіші зал да ұйымдастырылған. Сондай-ақ жер үстіне автотұрақ пен жерасты паркингі  жасалған. Құрылыстың жалпы ауданы 64 мың кв.метрді құрайды.

Президент «Астана Опера» театрының директоры қызметіне бұрынғы сенатор Төлеген Мұхамеджановты тағайындады.

Салтанатты отырыс аяқталғаннан кейін Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Тәуелсіздігі күні құрметіне арналған салтанатты концертті тамашалап, ресми қабылдауға қатысты. 

Суреттер:inform.kz,akorda.kz

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева