Кереку облысынан жыртқыш балық табылды

Кереку облысынан жыртқыш балық табылды

Ертіс өзенінен балықшылар үлкен пиранья балығын қармаққа іліп отыр. Бұл туралы Кереку облысының балық инспекциясының маманы Василий Троцко хабарлайды.

"Салмағы екі келі болатын пиранья балығы балықшылардың қармағына ілініпті. Жыртқыш балық Муткенов елді-мекеніне жақын жерден табылды, - деп  Василий Троцко айта келе, - Негізінен бұл балық Оңтүстік Америкада өмір сүретін болғандықтан, біздегі ауа-райына төзімді деп айта алмаймын. Ихтиолог мамандардың болжамы бойынша, аталған балық аквариумнен түскен көрінеді. Балық он алты сағат бойына полиэтилен пакеттің ішінде болып келіпті"- деп қорытындылады.

Қазіргі жетіп отырған ақпарат бойынша, жыртқыш балық ихтиологтардың зерттеуінде көрінеді. Бір айта кетерлігі, бұл балықтың салмағы көп жағдайда бір келіден аспайды екен. 

сурет:torakid.com

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига